Бизнес бастағысы келетіндерге мүмкіндік

3801
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/5a4dd609-9ac8-475b-af2a-b639e5f6b45c.jpeg
Кәсіп ашып, бизнес бастағыңыз келе ме? Бизнес жоспарыңыз да дайын, бірақ қаржының жоғы қолбайлау ма? Ендеше өз бизнесін дөңгелетуді көздегендерге ASSYLTAS қоғамдық қоры тарапынан 1 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз грант беріледі. Әр ай сайын екі жас кәсіпкер ASSYLTAS бизнес грантын иеленеді, бір жылда 24 адамға грант береміз! ​ Жобаға кімдер қатыса алады? Жобаға 18-35 жас аралығындағы ҚР азаматтары қатыса алады; Жобаға қатысушылар кәсібі жайында қазақ тілінде бейнеролик немесе презентация жіберуі қажет; Грантқа үміткерлердің ашылған ИП-сы болуы керек; ​ Қандай жобаларға басымдық беріледі? Салауатты өмір салтын қалыптастыру; Өндіріс; Қазақ тілін дамыту жобаларына; Мобильді қосымшалар; Ұлттық өнер; ​ Конкурс 3 кезеңнен тұрады: 1 кезең – жұмыстарды қабылдау 2 кезең – үміткерлерді анықтау З кезең – интервью ​ Бейнеролик және презентациялар 5 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында assyltas.business.grant@gmail.com поштасына қабылданады. Жеңімпаздар 2021 жылдың 5 ақпанында анықталады. ​ БАҒЫҢДЫ СЫНА, КӘСІБІҢДІ АШ!
Комментарии