Биыл 26 мыңға жуық Шымкенттік ауызсумен қамтылады

3397
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/2355cf43-67ae-4f19-b702-bc481ac7a547.jpeg
Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында 2021 жылы жалпы 85 жобаны (48,6 млрд теңге) жүзеге асыру жоспарланған. Соның ішінде ауызсумен қамту көрсеткіші - 96 %. Биыл жалпы 25,6 мыңға жуық адамның ауызсуға қолы жетпек. I – тоқсанда бірқатар нысандарда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ішкі ауызсу жүйелері құрылысы бойынша Тұран шағынауданында – 86 пайыз, Асар-2 – 41 , Солтүстік саяжай – 35, Ынтымақ 2, Жаңатұрлан – 89 және Жаңаталапта – 87 пайыз жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ, магистралды үш нысан – Көмешбұлақ 4,48 шақырым (60 %), 9,37 шақырым және 10,61 шақырым суаққы құрылысы атқарылуда. Шымкентте су тасу мәселесі түбегейлі шешіледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 
Комментарии