Израиль әуе-қорғаныс күштері Хамас ислам қозғалысының Газа секторының оңтүстік аймағында орналасқан посттарына зымырандармен жойқын соққы берді. Бұл Израиль тарапының Палестинаның атқылаған зымырандарына қарсы жауабы болды, деп хабарлады "ЦАХАЛ" пресс-қызметі өз Twitter-де.
Бұдан бұрын Палестина тарапы Израильдің астанасы Тель-Абивті зымырандармен атқылап, үш нысананың талқанын шығарды. Содан кейін екі қарсы тарап бір біріне ашық майдан ашып, зымырындарды жаудырды. Израиль тарапы бірнеше зымырандарды әуе кеңістігінде қағып түсірді.
24-ші сәуір күні де Израйиль тарапы Палестинадан атылған зымырандарды Газа секторындағы Сдерот қаласының үстінде атқылап жарып жіберді. Израильдің "Темір күмбез" атты ПВО-сы Газа секторына жақындап қалған зымырандарды нысанаға жеткізбей жойып жіберген. Келесі күні Израильдің қорғаныс күштері Хамас қозғалысының орналасқан орындарын әуе күштерімен, танктермен атқылады.
Газа секторынан Израильге 36 зымыран атылып, оның 6-ы "Темір күмбез" атты ПВО арқылы әуеде жойылып, қалғандары ауылдық, қалалық аймақтарға барып жарылған.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Новости по теме
Оцифровать обмен иностранными бланками разрешений договорились министры транспорта Центральной Азии и Китая
