Қазақстан Түркияға көмектесу үшін тікұшақтар мен құтқарушылар жіберді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша орман өрттерін сөндіруге көмектесу үшін Түркия Республикасына "Қазавиаспас" АҚ екі Ми-8 АМТ тікұшағын және 16 құтқарушыдан тұратын жедел топ жіберді.
"Қазақстандық тікұшақтар бүгін ұшып кетті және үш елдің шекарасы арқылы Түркияның Мугла қаласына жетеді. ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев жедел топты Нұр-Сұлтан әуежайында шығарып салды. Біздің құтқарушылардың жергілікті билікпен сол жердегі өзара әрекетін Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігі үйлестіреді", - деді Уәли.Сондай-ақ, Қазақстан өртенген аймақтардағы орман жамылғысын қалпына келтіру үшін гуманитарлық көмек көрсетпек. Отырғызылған орман Қазақстан мен Түркия халықтарының достығы мен бауырластығын бейнелейді.
Новости по теме
В Акмолинской области в рамках проекта «Қазыналы қазба - ұлт құндылығы» ведутся археологические раскопки