Оралда жол апатынан жедел жәрдем көлігі аударылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 20 қыркүйек күні шамамен сағат 20.30-да М.Шолохов пен С.Тюленин көшелерінің қиылысында болды. Жедел жәрдем көлігі мен «Лада» автокөлігі соқтығысып, жедел жәрдем көлігі аударылды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жәрдем бригадасы жарық және дыбыс белгілерімен шұғыл шақыртуға кетіп бара жатқан.
Новости по теме
Французском музее Гиме состоялось торжественное открытие выставки «Казахстан: сокровища Великой степи»