Шымкентте 435 мың адам вакцинацияланды

1427
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/img-20210903-wa0001.jpg
Шымкентте 2 қыркүйекте КВИ-дің 223 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 165, белгілері жоқ – 58). 107 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 116 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 980 орын бар, төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 1614 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1366 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 497 төсек орын бар, 292 науқас ем қабылдауда. Бір тәулік ішінде қалада 5350 адам вакцина алды (I компонент-2804, II компонент-2546). Егу науқаны басталғалы барлығы 435 071 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 367 468 адам вакцинаның екі компонентін алды. Ғылыммен дәлелденген вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз жолы болып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии