Болат Ақшолақов Энергетика министрі болып тағайындалды

2625
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/kazenerdzhi.png
Болат Ақшолақов Энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша - экономист. Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды. 1997-2003 жылдары "Қазақойл" ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры болып еңбек етті. 2003-2006 жылдар аралығында - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды. 2008-2011 жылдары - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры, PSA ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болды. 2012-2014 жылдары - ҚР Мұнай және газ вице-министрі. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап - AlmexPetrochemical ЖШС бас директоры. 2016 жылдың ақпан айынан бастап - "KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии