Тоқаев жаңа Жарлыққа қол қойды

3646
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/08/toқaevphoto_332093-960x500.jpeg?token=e961bba9badf2ffd62a21659a2cb1f1c
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы ұлттық құрылтайды құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың құрамы бекітілсін. 3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,– делінген хабарламада.
Жарлықтың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.
Yorumlar
Diğer Haberler