Оралда нан бағасы 200 теңгеге дейін өсті

3313
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/images-1.jpg
Оралда нан бағасы екі жүз теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы t.me/orda_kz телеграмм каналы жазды.
Өңірде ұн, қант және май бағасының қымбаттауына байланысты нан бағасы және жалпы барлық нан-тоқаш өнімдері қымбаттаған. Бүгіннен бастап Оралда жоғары сұрыпты нан 200 теңге тұрады. Бұрын оның бағасы 170 теңге болатын.
Қаланың нан сататын дүңгіршектері мен азық-түлік дүкендерінде барлық кондитерлік өнімдердің құны 20 теңгеге өсті. Өндірушілер соңғы уақытқа дейін өнімнің бағасын ұстап тұруға тырысқанын, бірақ бағаны көтеруге мәжбүр болғанын айтады.    

"Адырна" ұлттық порталы.

Yorumlar
Diğer Haberler