Отандық фильм Италиядағы халықаралық кинофестивальде бас жүлдені алды

1798
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/A4CXsSOXEQcfG7wECyor3bXJvTVQsRyI5gnUrq6d.webp

Қазақстандық режиссер Асхат Кучинчерековтің «Бауырына салу» көркем фильмі Италияда өткен халықаралық кинофестивальде топ жарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Туынды 23-ші Ischia Film Festival аясында «Үздік толықметражды фильм» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді.

Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

«Бауырына салу» бұған дейін де бірнеше халықаралық марапаттарға ие болған. 

– Asia Pacific Screen Awards-та ең үздік жастар фильмі,

– Baku International Film Festival-да бас жүлде,

– Cinema Heritage Festival (Франция) байқауында арнайы марапат иеленген.

Сонымен қатар, оператор Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival-де «Үздік оператор» атанған.

Айта кетейік, аталған туынды Қазақстан тарапынан «Оскар-2025» сыйлығына «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша ресми түрде ұсынылды.

Фильм сюжеті бойынша, басты кейіпкер — қазақтың көне дәстүрімен әжесінің бауырына салынған бала. Әжесі қайтыс болғаннан кейін, ол өз ата-анасына оралып, жаңа ортаға бейімделу барысында түрлі қиындықтарға тап болады.

2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Ischia Film Festival — Еуропадағы ең ерекше мәдени шаралардың бірі. Ол Италияның Иския аралындағы ортағасырлық Арагон сарайында өтеді. Фестивальдің басты ерекшелігі — фильмдердің көркемдік кеңістік пен түсірілім орындарының рөлін ашып көрсетуге ерекше мән берілуі

Yorumlar
Diğer Haberler