Анкарада 26 қабатты үйден өрт шығып, үш адам қаза тапты

1041
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Wqb8bZibBhn0fqMz4aTeJRgUzr1rSUEDxYJjUaik.jpg

Түркияда Анкара қаласында 26 қабатты тұрғын үйде өрт шығып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Cumhuriyet басылымына сілтеме жасап.

Өрт салдарынан қаза тапқандардың арасында сәби де бар. Тағы 20 адам түтіннен уланып, ауруханаға жеткізілді.

“Өрт шамамен сағат 22:00-де Чанкая ауданындағы екі биік ғимараттан тұратын тұрғын үй кешенінің бір пәтерінде тұтанған. Әзірге анықталмаған себеппен 24 қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерде от жылдам таралып, бірнеше минут ішінде отқа оранған. Түтін бүкіл ғимаратты шарпыған”, – делінген хабарламада.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция, төтенше жағдайлар қызметі, жедел жәрдем мен медициналық бригадалар жеткен.

Қатты түтін салдарынан тұрғындарға уақытша ғимаратқа кіруге тыйым салынды. Өрт сөндірушілер түтінді сыртқа шығару жұмыстарын бастаған.

Оқиғаға байланысты прокуратура өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу бастады.

Yorumlar
Diğer Haberler