Театр және кино өнерінің майталманы өмірден озды

2512
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HMAELFWDkqQdtiTXjW1EGXIk9A3iaXimGyIjYH16.png

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері, Қарағанды өнер ордасының мақтанышы Қайрат Кемалов 69 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Бұл қаралы хабарды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

«69 жасқа қараған шағында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті актер Қайрат Кемалов өмірден өтті. Ол бүкіл саналы ғұмырын театр саласына арнады. Қайрат Кемаловтың өнердегі мансабы Қарағандыда басталған еді. Оның өнердегі жетістіктері халықаралық дәрежеде жоғары бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды. Ол тарихи образдарды сомдауда актерлік шеберлігімен танылды», – деп жазды өңір басшысы.

Кемаловтың «Ер Төстік», «Абай», «Қарагөз», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» секілді ұлттық қойылымдардағы басты рөлдермен ел есінде қалды.

Әріптестері мен шәкірттері оны кәсіби, сабырлы, парасатты адам ретінде еске алады.

«Ол шеберлігі, мамандыққа деген үлкен адалдығы арқасында отандық театр және кино тарихында терең із қалдырды. Қайрат Кемаловтың жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттері мен достарының, көрермендердің жүрегінде мәңгі қалады», – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Yorumlar
Diğer Haberler