"Қарапайым" миллиардер. Қазақстанның бас зейнеткері әлемдегі бай басшылардың қатарында аталды

1737
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OedVYWVpNg6wAag6kiYR1iVITAT74yKHlQs4A6Zx.jpg

 Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі бай басшылардың тізімінде бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шетелдік БАҚ The New York Times, Forbes дереккөздеріне сүйене отырып жасалған сараптама әлемдегі ең бай президенттер мен премьер-министрлердің тізімін ұсынды.

Тізімнің тоғызыншы қатарында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев бар.
Қазақстанның тұңғыш президентінің байлығы 1–2 миллиард доллар көлемінде деп бағаланады. Ақпаратта байлықтың капитал энергетика, банк ісі және жылжымайтын мүлік арқылы жиналғаны көрсетілген.

Көшті Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин бастап тұр. Сарапшылар оның жеке капиталы 200 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін деп болжаған.

Екінші орында Бруней сұлтаны әрі премьер-министрі Хассанал Болкиах тұр. Ол 50 миллиард долларлық мұнай-газ байлығымен әлемдегі ең ауқатты басшылардың қатарында бар. Оның иелігінде алтынмен қапталған ұшақтар, 7 мыңнан астам люкс көлік және 1 800 бөлмелі сарайы анықталған.

Дубай билеушісі және БАӘ премьер-министрі Мұхаммед бин Рашид әл-Мактум үшінші орында тұр. Ол 20 миллиард доллар көлеміндегі байлығымен белгілі.

Ақ үйге миллиардер ретінде келген АҚШ-тың 45-ші және 47-ші президенті Дональд Трамптың байлығы 5,1 миллиард доллар шамасында. Ол осы байлықпен бесінші орынға жайғасқан. 

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы биліктен кеткенімен, 2022 жылдың қаңтарына дейін Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде ықпалға ие болды. 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде осы қызметінен бір түнде жұрдай болған Назарбаев өзін "қарапайым зейнеткер" атаған еді. 

Yorumlar
Diğer Haberler