Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

907
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lAjSf9hWSdMxrFKeqp45qt6jPWVyPGP0x2Uoz5xQ.webp

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа жаңа орынбасар келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды»,—делінген әкімдік хабарламасыеда.

Мейрамбек Зинабдинұлы бұған дейін атқарып келген Қазалы ауданының әкімі қызметінен босатылды.

Мейрамбек Шермағанбет 1972 жылы 25 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Тарих", "Экономика" мамандықтары бойынша, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы №239 мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2001-2016 жылдары Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық білім, тілдерді дамыту басқармаларының басшысы, Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау басқармасының басшысы қызметтерін абыроймен атқарды.

Yorumlar
Diğer Haberler