“Жол апатынан қайтыс болды...” Актер Уәлибек Әбдірайымға қатысты жалған ақпарат тарады

2983
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XO91B1KETi2iya0JXwxRCIgYUwMUxoTB7cTBiYWf.jpg

Тикток желісінде белгілі актер, "Шаншар" театрының директоры Уәлибек Әбдірайымовтың жол апатынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарап, көпшілікті дүрліктірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

 Алайда әртістің өзі ақпараттың жалған екенін ресми түрде мәлімдеді.

Желіде тараған хабарламада Уәлибек Әбдірайымовтың Шымкентте жол апатына түсіп, көз жұмғаны, сондай-ақ оның қылмысқа қатысы бар деген мәлімет те жазылған. Ақпаратта "Қазақ өнері қара жамылды" деген ауыр сөздер мен жалған куәгерлердің аттары аталған.

Алайда Уәлибек Әбдірайымов желідегі жеке парақшасында ақпараттың жалғаны екенін айтып, өзі аман-есен екенін жеткізді.

«Эфирге шықпасам болмады. Мен Батыс Еуропада жүрсем, біреу мені өлтіріп қойыпты. Жаназамды, жетімімді айтпағандарына өкпеледім. Қазір Германиядан келдім. Өзім де шошып кеттім: тірімін бе, әлде өлгенмін бе деп», – деп әзіл аралас жауап берді актер.

Сондай-ақ, әртіс желідегі парақшасына бейне жүктеп, өзінің сапарда екенін көрсеткен. 

Желі жұрты да "Аман болыңыз", "жалған ақпар таратқандарға жаза бар", "өтірік айтуға болмайды ғой", "неге адамдар өлім тілеуге дайын тұрады" деген сынды сан-алуан пікір қалдырған.

Yorumlar
Diğer Haberler