Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

1514
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OOHIVLVrUOsT9aDbvEm13qZuyoJzpNqM4o0tJamI.png

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара қатысушыларына құттықтау сөзін жолдады.

Мемлекет басшысы Абайды «төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға» деп атап, оның шығармашылығы халқымыздың сана-сезімін жаңғыртып, ұлттық рухты асқақтатқанын айтты.

Президенттің айтуынша, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері өскелең ұрпақты білімпаздыққа, еңбекқорлыққа, адалдыққа үндеп, ел мүддесі үшін қызмет етудің үлгісін көрсетеді.

«Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың асыл қазынасы. Оның өсиеттері ешқашан өзектілігін жоғалтпайды», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол Абай туған өңірдің Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов секілді ұлы тұлғалармен бірге ұлттық құндылықтардың орталығы екенін атап өтті. Мемлекет бұл аймақты дамытуға ерекше мән беретінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауын «Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!» деген сөзбен түйіндеді.

Yorumlar
Diğer Haberler