Астанадағы «Арыстан» тұрғын үй кешенінде лифт апаты орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға 13 тамыз күні Мұқан Төлебаев көшесі, 5 мекенжайында тіркелген.
Куәгерлердің айтуынша, жедел саты 9-қабаттан төменге қарай құлаған кезде ішінде жасөспірім қыз болған. Ол қатты қорқып, құйымшағынан жарақат алды.
«Лифттердегі ақаулар біраз уақыттан бері жалғасып келеді, бірақ оларды толық ауыстыруға мүмкіндік болмай отыр», – дейді кешен тұрғындары.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қызға амбулаториялық деңгейде тексеру жүргізілген. Ауыр жарақаттар анықталмағандықтан, ауруханаға жатқызу қажет болмаған. Ол тұрғылықты жері бойынша емін жалғастырады.