Алматыда аулада ойнап жүрген бүлдіршінді тоқ соқты

987
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/mvBNlh4Pe1vabuIA1Znjh06f2CGa6ezSGaDj2uM5.jpg

Алматыда жаңа тұрғын үй кешенінің ауласында 1,5 жастағы қызды тоқ соқты. Қазір сәби жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға Наурызбай ауданындағы Навои көшесі, 39 мекенжайында орналасқан RAMS Qazaqstan компаниясы салған тұрғын үй кешенінде болған.

Баланың анасының айтуынша, ауладағы ойын алаңында шам бағанасының түбінен темір арматура шығып тұрған. Құмда ойнап отырған бүлдіршін арматураны ұстап қалған сәтте қатты тоқ соғып, жерге құлаған. Анасы қызын құтқармақ болып жүгіргенде, өзі де тоқ соққанын айтады.

Салдарынан 1,5 жасар Аминаның қолы қатты күйіп, жарақат алған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауымен жансақтау бөлімінде жатыр.

«Балалар ойнайтын аулада қалайша тоғы бар арматура шығып тұрады?! Бұл сұмдыққа кім жауап береді? Біздің балаларымыздың өмірі біреудің салғырттығына тәуелді болмауы керек!» – деп ашынған ана Алматы әкімдігі мен құрылыс компаниясынан дереу шара қолдануды, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті.

Оқиғаға қатысты тиісті органдар тексеру бастады.

Yorumlar
Diğer Haberler