Отбасылық жанжалдан соң. Алматыда ер адам әйелі мен өзін өлтірген

1120
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алматы қаласында отбасылық жанжал қанды оқиғамен аяқталды. Думан ықшамауданында 40 жастағы ер адам 38 жастағы әйелін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кейін ол Алматы облысындағы туыстарына барған соң өз-өзіне қол жұмсаған.

Әйелдің денесін Алматыдағы пәтерінен оның туыстары тауып алған.

Қала полициясы бұл деректі растады. Алматы полиция департаментінің мәліметінше, Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты бөлімде қылмыстық іс қозғалған.

«Алдын ала деректерге сәйкес, қылмыс отбасылық жанжал салдарынан болған. Ер адам әйелімен сөзге келіп, оған пышақ жарақатын салған. Кейін өзіне қол жұмсаған», – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler