Бестеректегі оқиға. Жарақат алған қыз Семейге жеткізілді

1975
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/policziya-kөligi.jpg

Абай облысының Бестерек ауылында жол-көлік оқиғасынан зардап шегіп, Үріжар аудандық ауруханасында бақылауды болған қыз Семей қаласына жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жол апатынан зардап шеккен қызды аудандық ауруханадан санитарлық авиациямен Семей қаласындағы Медициналық университеттің госпиталінің балалар бөлімшесіне жеткізді.

“Ауыр жарақаттары мен тасымалдау кезінде өміріне қауіп төну қаупі болғандықтан, баланы бірден облыс орталығына жеткізу мүмкін болмады. Тұрақты бақылау мен тексерулерден кейін жағдайы әуе тасымалына жарамды деп танылды. Осыдан кейін Семейге көшіру туралы шешім қабылданды”, – деп мәлімдеді Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетейік, 19 тамызда Абай облысының Бестерек ауылында  55 жастағы жүргізуші көшеде, жолдан 10 метр қашықтықта тұрған балаларды қағып кетті.  Салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды, біреуі медициналық мекемеге бара жатқан жолда қайтыс болды. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Кейін қаза тапқан балалардың жасы 2 мен 7 жас аралығында, ал жарақат алған үш баланың жасы 6 мен 9 жас аралығында екені белгілі болды. 

Yorumlar
Diğer Haberler