Жамбыл облысы ПД бастығының отставкаға өтініш бергені айтылды

1191
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iVRHm8I9OEMByMzOoMmuww510BQ6d3dCEO0UZH8o.jpg

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев өз еркімен қызметінен босату туралы рапорт жазды. Бұл туралы orda.kz айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазіргі таңда құжат Ішкі істер министрінің қарауында жатыр. Ол соңғы шешімді қабылдайды»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бақытжан Малыбаев бұл қызметке 2024 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын.

Бұған дейін orda.kz облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жайдарбек Құттыбаев пен Жамбыл облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полковник Оразалы Құдабаевтың екі айға қамауға алынғанын жазған.

Yorumlar
Diğer Haberler