Бұрынғы бас көлік прокурорына іздеу жарияланды

1293
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UTlYjzAZXfHfferPCM0OMIkHdS7N2KId9FQ6feck.webp

Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды. Мұндай мәлімет Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында көрсетілген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Порталдағы ақпаратқа сәйкес, іздестіру ісі 29 тамызда Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасының өтініші негізінде прокуратурада тіркелген. Іздеуді прокуратураның бастамасымен Алматы Полиция департаменті Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр. Дүйсенов соңғы үш күн бойы іздеудегі тұлғалар тізімінде тұр.

Айта кетейік, Мақсат Дүйсенов 2018 жылғы тамыздан 2019 жылғы сәуірге дейін Қазақстанның бас көлік прокуроры қызметін атқарған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler