Екі адам қаза тапты. Алматы облысында оқушылар мінген автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

861
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/7acQXXW1lh2J81qQEy7va7IzhDoy5QpDX202OQd5.jpg

Алматы облысында оқушыларды алып келе жатқан автобус жеңіл автокөлікпен соқтығысты. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Жол-көлік оқиғасы “Сокол” саяжай қоғамы аумағында оқушыларды тасымалдап бара жатқан жолаушылар автобусы мен Hyundai Accent автокөлігінің қатысуымен болған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, ал жолаушысы медициналық мекемеде көз жұмды. Басқа зардап шеккендер жоқ. Алдын ала деректер бойынша, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде жол бермей, автобуспен соқтығысқан», – деп хабарлады Алматы облыстық ПД.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасын тергеу Алматы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

Еске салайық, 11 қыркүйекте Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қайтыс болған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler