Тағы да 10 адамның қазасы. Жетісуда үш көлік соқтығысты

3624
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/unWfL1AVT73CWLQnCDvHzbTrvmaGsKXF7TVf0hAx.jpg

14 қыркүйек күні шамамен сағат 01:30-да «Алматы – Өскемен» автожолының 479-шақырымында, Алакөл ауданына қарасты Көлбай ауылы маңында үш автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, Nissan Cefiro көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-2114және Chevrolet Cobalt көліктерімен жанама соқтығысқан.

Апат салдарынан оқиға орнында 10 адам қаза тапты. Тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске салсақ, 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысында жол апаты орын алып, 10 адам қаза тапқан болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler