Бір үйден бір күнде 2 чемпион! Енді Төрехан Сабырхан алтын медаль иеленді

2255
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gf1IHHpK7428t3fcyQnb9AD4lyaMyNue1gSLy2gN.jpg

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық былғары қолғап шебері Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінде алтын медальға ие болды, деп хабарлайды “Адырна”.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. 

Төрехан ақтық жекпе-жегінде жапониялық Сэвон Окадзавамен қолғап түйістірді. 

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Төрехан Сабырхан үшінші раундта қарсыласынан айласын асырып, жеңісті суырып алды.

Осылайша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Бұдан алдын Төреханның ағасы Махмұд Сабырхан Әлем чемпионатының ақтық бәсекесінде испаниялық Рафаэль Лозано Серраноны жеңіп, алтынға ие болған. 

Yorumlar
Diğer Haberler