Депутат әлемнің бір дінге бірігуі керектігін айтты

1363
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/C3SWbxrxAVfk84d1PTBRJmpOsJHJGetVS4WtinGD.jpg

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин соғыстардың негізгі себебі діндер арасындағы қайшылықтардан бастау алып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінен кейін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Құдайдың діні бір болуы керек. Бірнеше дін, бірнеше ереже болмауы тиіс. Мәжілістің өзінде де бір регламент қой. Адамзаттың бәрінде ортақ бір дін, ұстаным болса, қақтығыстар мен соғыстар, кикілжіңдер болмас еді. Әркім өз ережесін жасап алғаннан кейін қақтығыстар, дінаралық араздықтар жиі болып жатыр»,–деді Жаңбыршин.

Айтуынша, адамзатқа ортақ дінді дінбасылар таңдауы тиіс.

«Дінбасылар ізденіп, ең мықты дінді алуы керек. Олардың бәрі ғұлама ғалымдар ғой. Ал Құранда «Құдайдың қабыл болатын діні — ислам» делінген. Менің ойымша, ислам болуы керек сияқты»,—деп толықтырды ол.

Yorumlar
Diğer Haberler