Алматыда «Қазақтың Робин Гуды» атанған Ілияс Сәриевтің сотында жаңа мәліметтер жарияланды

950
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wjnWNTisky9L6AYFbwL31tl2yGG03tAEm8j7wB4O.webp

Алматыда «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы, өзін «Қазақтың Робин Гуды» деп атаған Ілияс Сәриев пен Ақтоты Дүйсееваның ісіне қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Отырыста үш жәбірленуші өз оқиғаларын баяндаған. Олардың бірі Айман Кенжетайқызы 2025 жылғы 4 наурызда Сәриевтен үш жасар қызының еміне қаражат жинауға көмек сұрағанын айтты. Оның сөзінше, айыпталушы алғашқы күндері белсенділік танытқанымен, кейін түрлі сылтаумен 750 мың теңгені иемденіп, ақшаны өзінің қарызын жабуға жұмсаған.

Ал екінші жәбірленуші Венера Сұлтанқызы қызының емі үшін Сәриевке сеніп, барлығы 1 млн 430 мың теңге аударғанын жеткізді. Ол «қор басшысы бір айда қажетті соманы жинап беремін» деп уәде еткенімен, ақша да қайтарылмағанын, видео түсірілімі де іске аспағанын мәлімдеді.

Үшінші жәбірленуші Әмірова «MM Travel» туристік компаниясы арқылы 500 мың теңгеге Умраға жолдама рәсімдегенін айтты. Ол қаржыны Дүйсеева мен оның серіктестеріне аударғанымен, сапар жүзеге аспаған.

Айыпталушыларға қатысты сот процесі 25 қыркүйекте жалғасады.

Еске салсақ, сәуір айында Ілияс Сәриев алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталып, кейіннен Алматы сотында «Елге көмек» қорының ісі қарала бастаған еді. Мемлекеттік айыптаушы бұл істі алаяқтық дерегі ретінде сипаттады.

Yorumlar
Diğer Haberler