Совет билігін жақтайтын топты тексеру ұсынылды

1395
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bnZvP2MBActu6dKFt3FAsKk5CjVQpwGfLSOj8qQN.jpg

Әлеуметтік желілерде өздерін «коммунистердің қазақстандық серіктестігі» деп таныстыратын топты тексеру ұсынылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Arasha" сайтына сілтеме жасап.

«Красная юрта – Қызыл отау» (red.yurt) атты топ Астанадағы Ашаршылық құрбандарына тағзым ескерткішіндегі жазудың өзгертілуін  «жеңіс» ретінде жариялаған.

Тарихшы Руслан Түсіпбеков «ашаршылық» сөзінің орысшаға «голодомор» деп аударылуы тиіс екенін, өйткені бұл – саяси термин, қолдан жасалған қылмыс екенін атап өтті. Оның айтуынша, «голод» табиғи жағдайдан туған аштықты білдіреді, ал «голодомор» – Кеңес билігінің қасақана жасаған геноциді.

Сонымен қатар, red.yurt парақшасында Алаш қайраткерлеріне тіл тигізіп, Президенттің ресми мәлімдемелерін бұрмалаған жазбалар да жарияланған. Сарапшылардың айтуынша, мұндай контент қоғамды арандатуға бағытталған.

Осыған байланысты аталған топты құзырлы органдармен тексеру ұсынылды.

Еске сала кетейік, жақында Астанадағы Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш тақтадағы «голодомор» сөзі «голод» деп өзгертілгені еді.

Сондай-ақ, дәл сол ескерткішке бояу жаққан әйел 196 мың теңге айыппұл арақалағаны айтылған болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler