Рагаса супертайфуны. Қытайда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланды

1248
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4NDe66cGM6E3kJxnYDOIj5dddkhVcvhu7EDvx3RN.webp

Қытайдың оңтүстігіндегі мегаполистерден «Рагаса» тайфунына байланысты 2 миллионға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі CNN телеарнасына сілтеме жасап.

Зілзала Тайваньды да шарпыған. Бұл аймақта 14 адам қаза тауып, 129 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Екпінді желдің жылдамдығы сағатына 168 км-ге жеткен. Телеарна мәліметінше, тайфун Гонконгтың қаржы орталығын, Филиппиннің алыс аралдарын және Тайваньның таулы аймақтарын тұралатып тастаған. Гонконг пен Макаода дауылға қатысты ең жоғары деңгейдегі ескерту жарияланды.

Қазіргі таңда тайфун тудырған көшкіндер мен алып толқындар Қытайдың Гуандун провинциясына жақындап келеді. Мұнда Шэньчжэнь және Гуанчжоу сияқты ірі қалалар орналасқан. 23 қыркүйекте осы өңірде желдің екпіні сағатына 181,44 км-ге дейін жетті.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, «Рагаса» тайфуны 2025 жылғы 18-ші дауыл болып тіркелген. Алайда 21 қыркүйекте күшейіп, супертайфунға айналған. ҚХР Төтенше жағдайларды басқару министрлігінің жедел тобы Гуандун провинциясына дереу жіберілді.

Бұған дейін 24 тамызда Қытайға «Кадзики» тайфуны соққан болатын. Хайнань аралында желдің жылдамдығы секундына 46 метрге (166 км/сағ) жетіп, көліктердің аударылуына және ағаштардың құлауына әкелген еді.

Yorumlar
Diğer Haberler