Джеки Чан Қазақстанда жаңа фильм түсіреді

1534
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/svfTZK4G1uh2tYfMs85zZslPjxXgaTLqB3WyFWWf.webp

Алматыда Salem Entertainment компаниясының қабырғасында актер, режиссер, сценарист әрі продюсер Джеки Чанмен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Компания мәліметінше, тараптар ірі бірлескен жобаны жүзеге асыруға кірісті. Актер Алматыға келген сапарында түсірілім алаңдарын өзі аралап көрді. Фильмнің негізгі бөлігі Қазақстанда түсірілмек.

Джеки Чан бұл туралы өзінің ресми парақшасында жазды.

«Алматыда түсірілім алаңдарын таңдадым. Көрсеткен қонақжайлылығы үшін Salem Entertainment-ке алғыс айтамын», – деп жазды.

Salem Entertainment өкілдері әзірге жобаның толық мәліметін құпия сақтап отырғанын атап өтті.

«Сеніңіздер, алда ғаламат жаңалықтар күтіп тұр. Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар, ең қызықтысы әлі алда», – делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, Джеки Чанның Алматыға келгені туралы хабарлаған едік.

Yorumlar
Diğer Haberler