Басынан дау арылмаған тағы бір министр сырғыды. Орнына депутат келді

5556
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WemzkzTqDAC7bFJbkpeLYsBvW6z2oR0313PczuZl.jpg

29 қыркүйектегі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ғани Бейсембаев қызыметінен босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы Ақорда жазды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейсембаев Ғани Бектайұлы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ғани Бейсембаев бұл қызметті 2023 жылдың қаңтарынан бері атқарып келген еді. 

Еске сала кетсек, 2023 жылы бір топ мұғалім президент пен Мәжіліс төрағасына ашық хат жолдап, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап еткен еді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Оқу-ағарту министрі болып Жұлдыз Сүлейменова тағайындалды.

Ол бұған дейін ҚР Парламенті мәжілісінің VII және VIII шақырылымдарының депутаты болған. 

Жаңа министр 42 жаста, Ақтөбе облысының тумасы.

2000-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Тарих" мамандығы бойынша білім алған. 2006-2008 жылдары осы университеттің "Мәдениеттану" мамандығы бойынша докторантураға түсті. Ал 2012 жылы "Мәдениеттану" мамандығы бойынша PhD дәрежесін қорғап шыққан.

Ол еңбек жолын Ақтөбедегі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы болып бастап, кейін жастар саясаты саласында қызмет етті. Мектепте тарих және құқық пәнінен сабақ берген, жоғары оқу орындарында түрлі лауазымдар атқарған.

2012 жылдан бастап “Назарбаев Зияткерлік мектептерінде” жауапты қызметтер атқарып, 2019–2021 жылдары Алматыдағы ФМБ НЗМ директоры болды.

2021 жылдан бастап Мәжіліс депутаты. Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамында. Сондай-ақ “AMANAT” партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары әрі партияның әйелдер қанатының тең төрағасы.

Yorumlar
Diğer Haberler