Маттарелладан кейін. Астанаға Марко Поло келе жатыр

1325
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2018/12/astana.jpg

Астанадағы орталық көшелердің біріне әйгілі италиялық саяхатшы Марко Полоның есімі беріледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Италия Президенті Серджо Маттарелламен өткен келіссөздер барысында мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, бұл шешім Қазақстан мен Италия арасындағы достық қарым-қатынастың символына айналады.

Келіссөздер кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның Қазақстанның ең ірі үш сауда серіктесінің бірі екенін атап өтті. Соңғы 20 жылда италиялық компаниялар Қазақстан экономикасына 7,5 млрд доллар инвестиция салған. Бүгінде елде 250-ден астам италиялық компания табысты жұмыс істеп келеді.

Екі ел арасындағы ынтымақтастық мұнай химиясы, машина жасау, көлік-логистика, туризм, білім беру және жасанды интеллект сияқты салаларда дами түсетіні айтылды.

Yorumlar
Diğer Haberler