Ресей Әзербайжаннан портты қайтаруды талап етті

1236
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/v1ZyQScmhh9PssgcKRjzhTWQaMQWGC4i0q8Jjq48.webp

Ресей Федерациясының бас прокуратурасы стратегиялық нысан саналатын Туапсе теңіз сауда портын мемлекет меншігіне қайтару туралы талап қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы caliber.az-ға сілтеп.

Ведомствоның мәліметінше, порт бірнеше рет иесін ауыстырған. Бұл мәмілелердің барлығы активті заңдастыру мақсатында жасалған деп саналады. Соның нәтижесінде стратегиялық нысан Британдық Виргин аралдарында тіркелген офшорлық компанияға өткен.

Белгілі болғандай, Туапсе портының иесі делінген Шахлар Новрузов - Кубаньдағы әзербайжан диаспорасының мүшесі. Ол «Ескі Баку» атты дәмхананың иесі.

2025 жылдың қыркүйегінде ол аса ірі көлемдегі алаяқтық жасамақ болды деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол 920 млн рубльдік активтері бар қоғамның үлестерін иемденуге тырысқан. Алаяқтық әрекетін жалған неке куәлігін қолдану арқылы іске асырмақ болған делінеді.

Осы уақытта кәсіпкер Новрузовтың ұлы «Сипайн Резорт» ЖШС атты құрылыс компаниясына иелік етеді. Компания Қара теңізге қалдықтарды төгіп, Туапсе ауданының Сосновой ауылында қонақүй салу кезінде қара топырақты бүлдірген.

Прокуратура аталған компаниядан 1 млрд рубль өндіріп алуды талап етті.

 

Yorumlar
Diğer Haberler