Филиппинде жер сілкінісі болды. 60 адам қаза тапты (ВИДЕО)

973
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6fwmbOvX3aJbXTk7UJAjYxN0tszv2Q9HshHk4Cns.jpg

30 қыркүйекте Филиппинде 6,9 балдық жер сілкінісі болды. Елдің азаматтық қорғаныс басқармасы апат салдарынан 60 адамның қаза тапқанын мәлімдеді,  деп хабарлайды «Адырна» тілшісі CNN телеарнасына сілтеме жасап.

«Бізге 60 адамның қаза тапқаны жөнінде хабар келді», – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы Рафаэлито Алехандро IV.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) деректеріне сәйкес, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-де (Астана уақытымен 19:00) тіркелген. Эпицентрі Филиппиннің орталығындағы Висай аралдарының Себу қаласында орналасқан. Екі сағаттан соң Либертад қаласында магнитудасы 5,0 болатын қайталама жер сілкінісі тіркелген.

Бұған дейін GMA News телеарнасы провинция жағалауында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 26-ға жеткенін, 147 адамның жарақат алғанын хабарлаған еді. Сонымен қатар бірқатар ғимарат қирап, мектептер эвакуацияланған, ал сауда кешендерінің бірінде өрт шыққаны айтылды.

Yorumlar
Diğer Haberler