Сирек мамандықтың сыры: Қазақстанға клиникалық инженерлер неге қажет?

3181
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KDH0GBOgQBrD1BEFwhXzqvYBcOBfl2D2CMv5InyI.jpg

Адырна” ұлттық порталы YouTube арнасының кезекті қонағы – Жапонияда білім алып, тәжірибе жинаған инженер әрі осы бағыттағы мамандарды даярлау бағдарламасын әзірлеген Серік Мұратхан.

Подкастта Қазақстанда әлі күнге дейін толық дамымай келе жатқан клиникалық инженерия саласы сөз болады.

Әңгіме барысында клиникалық инженерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі орны, шетелдік тәжірибені бейімдеудегі қиындықтар, медициналық техникаға тәуелділік пен оны дұрыс пайдаланудың мәселелері айтылады.

Сондай-ақ елімізде жаңа мамандықтарды енгізу, отандық медициналық құрылғы өндірісі, инженер мен дәрігердің бірлескен жұмысының болашағы жайында ой қозғалады.

Бұл сұхбат – денсаулық сақтау саласына бейжай қарамайтын, жаңа идеялар мен тың көзқарастарды іздейтін әрбір жанға пайдалы болмақ.

Yorumlar
Diğer Haberler