Трамп пен Си Цзиньпиннің кездесуі қайда өтетіні белгілі болды

1546
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OCdenTfQUd6sFmGI3KVv5PmPMJpyGukUuwcvRhBE.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы апталарда Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездеспек. Бұл туралы ол Ақ үйде Канада премьер-министрі Марк Карнимен кездесуде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Менің төраға Симен қарым-қатынасым өте жақсы. Өздеріңіз білесіздер, мен онымен бірнеше аптадан кейін Оңтүстік Кореяда кездесемін. Біз бұрыннан бері өте жақсы байланыстамыз», — деді Трамп.

Қытай көшбасшысымен алдағы кездесу туралы Трамп 1 қазанда Truth Social платформасында жазған болатын.

«Төрт аптадан кейін мен Қытай басшысымен кездесемін», — деді ол.

Жазбада Трамп Си Цзиньпинмен келіссөздер барысында АҚШ пен Қытай арасында бұрын жасалған келісімге қайта оралатынын айтты. Ол келісім бойынша Қытай америкалық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға міндеттелген еді.

«Ұйқышыл Джо Байден Қытаймен біздің келісіміміздің орындалуын қамтамасыз ете алмады. Сол келісім бойынша олар миллиардтаған долларлық ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде соя бұршағын сатып алуы тиіс еді», — деп жазды Трамп.

Сондай-ақ ол бұл мәселе алдағы келіссөздердің басты тақырыптарының бірі болатынын мәлімдеді.

Yorumlar
Diğer Haberler