“Орамалды шешкенде өзімді түрмеден шыққандай сезіндім”. Сәләфи ағымына кірген әйел адам сырын ақтарды

730
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/hZDTbaIgszSh49yd1amYxh51nmp9ujuq6uTaz7CN.png

21 жасында сәләфи ағымына ерген кейіпкер өкінетінін айтып, сұхбат берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Алмара Қайратқызы орамал өмірін түбегейлі өзгерткенін айтты. Журналист болуды армандаған жас қыз “нәпсіні тыю”, “күнәдан тазару” деген ұғымдарға сенген.

Журналистке берген сұхбатында жолдасымен бірге Египетке қоныс аударған ол екі баласына тек діни тәрбие беріп, заманауи білім мен еркін ойға жол жапқанын хабарлады. Тіпті кішкентай қызына еркінен тыс орамал тағып, оны да “тозақтан құтқарғысы” келген.

“Бір күн намаз оқымай жүрген кезде далада зомби сияқты жүрдім. Оны гипноздың әсері шығар деп ойлаймын. Ер адамды тыңдамасаң – тозақ, оған риза болмасаң – тағы тозақ дейді. Миыңды улайды”, – дейді ол.

Алмараның айтуынша, сәләфи сеніміндегі өмір әйелге еркіндік бермейді.

“Қап-қара киім, тек көзді ашып жүру, ер адамды көргенде басыңды төмен түсіру, адамдармен араласпау, музыка тыңдамау, кино көруге тыйым – бұл өмірден бас тарту еді. Ал орамалды шешкен сәтте өзімді түрмеден шыққандай, жаным бостандыққа шыққандай сезіндім”, - дейді кейіпкер.

Yorumlar
Diğer Haberler