Алматыда кептелісті азайту үшін жаңа таңбалар пайда болды

803
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/h1UjPDpDAAqPztuGmzm3o5BJmeOPckcmQOeXB4uz.webp

Алматыда көлік қозғалысын ретке келтіру және жолдағы кептелістердің алдын алу мақсатында бірнеше жол қиылысына жаңа жол таңбасы — «вафельница» сызылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бұл таңба Абай – Назарбаев, Абай – Момышұлы және Төле би – Розыбакиев көшелерінің қиылыстарында пайда болған.

«Вафельді» таңбаның негізгі мақсаты — жүргізушілерге қиылыс бос болмаса, оған кіруге болмайтынын ескерту. Мұндай белгі Қазақстан Республикасының жол қозғалысы қағидаларында бар және көлік ағынын тиімді басқаруға бағытталған.

— Бұл шара жиі кездесетін жасанды кептелістерді азайтуға бағытталған. Мұндай жағдайлар көбінесе жүргізушілердің бос емес қиылысқа шығуынан туындайды. Жаңа таңба көлік қозғалысын реттеп, жол қауіпсіздігін арттыруға көмектеседі, — деді Алматы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі қаладағы көлік жүктемесін азайту үшін жұмыс уақытының кестесін өзгерту, сондай-ақ қашықтан жұмыс істеу форматын кеңейту сияқты шараларды қолға алған болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler