Каирде өткен пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында ақмолалық атлет екі алтын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі алтын медаль жеңіп алды.
Жеке сайыста спортшы 191 келі салмақты көтеріп, ең жоғары нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, үш әрекеттің жиынтығы бойынша Қытай мен Сальвадор спортшыларын артта қалдырып, жалпы есепте де жеңімпаз атанды.
Осылайша Давид Дегтярев өз мансабында пара пауэрлифтингтен үш дүркін әлем чемпионы атағын иеленіп, Қазақстандағы паралимпиадалық спорттың дамуына зор үлес қосып келеді.
Атлетті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Колесников жаттықтырады.