Мәскеуде Қазақстан мен Ресей cыртқы істер министрлері кездеседі

1070
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zEV2bYWLec39YbLHsBRWjfUMZGp1T1lWpoI559QV.jpg

Мәскеуде Қазақстан мен Ресей cыртқы істер министрлері Ермек Көшербаев пен Сергей Лавров кездесу өткізеді. Бұл туралы Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«22 қазанда Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанның сыртқы істер министрімен келіссөз өткізеді. Ол бұл қызметке тағайындалғаннан кейін Мәскеуге алғашқы ресми сапармен келеді», – деді Захарова брифингте.

Айтуынша, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымдағы мәселелерін талқыламақ.

«Министрлер өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша пікір алмасады», – деп толықтырды дипломат.

Yorumlar
Diğer Haberler