«Полиция балалар көзімен» сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

792
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/o8yQbHfHIaAwsG0AcUxmUHDxaMY0fgKw0n6eR4qT.jpg

Бүгін Ұлытау облысы Полиция департаментінде балалар арасында өткен «Полиция балалар көзімен» атты сурет байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

Шараға байқауға қатысқан жас суретшілер мен олардың ата-аналары, сондай-ақ полиция ардагерлері мен департамент басшылығы қатысты.

Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, полиция қызметкерлерінің күнделікті еңбегін жас ұрпаққа таныстыру және қоғамдағы тәртіп сақшыларының беделін арттыру болды.

Облыстық Полиция департаменті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Алдияр Әбішев балалардың ата-аналарына белсенділік танытып, балаларының өнерге қызығушылығын қолдағандары үшін алғыс білдірді.

«Мұндай шығармашылық байқаулар өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезім мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Балалар өз еңбектері арқылы полиция қызметінің қоғамдағы маңызын ерекше қырынан көрсете білді», – деді Алдияр Әбішев.

Байқауға ұсынылған суреттерде балалар полиция қызметкерлерінің батылдығы мен әділдігін, қоғам қауіпсіздігін қорғаудағы рөлін өз көзқарастарымен бейнелеген.

Марапаттау рәсімінде үздік деп танылған қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Іс-шара соңында қатысушылар Полиция департаменті ғимаратында ұйымдастырылған балалар шығармаларының көрмесін тамашалады.

Yorumlar
Diğer Haberler