Израиль армиясы ХАМАС-ты келісімді бұзды деп айыптап, қайта соққы жасады

1245
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HBjtkkHSsMcC9d2uxYhUPaNnx8hRUzH9dF6ZRs6H.jpg

Израиль Қорғаныс күштері ХАМАС террористік ұйымының атысты тоқтату режимін бұзғанын хабарлап, Рафах аймағындағы ұйым инфрақұрылымына соққы жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ЦАХАЛ мәліметінше, ХАМАС террористері қарсы-танк зеңбіректерімен оқ жаудырып, Рафахтағы Израиль күштерін атқылаған.

Бұған жауап ретінде Израиль әскері әуе соққысын жасап, артиллериядан атқан. Бірнеше операциялық шахталар мен әскери нысандарды жойған.

Көзбе-көз куәгерлер Рафах қаласында қақтығыстар мен екі әуе соққысы болғанын хабарлады. Израиль әскери қызметкерлері ХАМАС снайперлері мен гранатометтен атқылауға ұшыраған.

ХАМАС тарапынан бұл айыптарды жоққа шығарды.

Айта кетейік, Газа секторында атысты тоқтату келісімі 10 қазаннан бастап күшіне енген болатын. ЦАХАЛ әскерін кері шегерген, ал ХАМАС барлық тірі тұтқындарды босатып, қаза тапқандарды палестиналық тұтқындарға айырбастауға кіріскен еді.

Yorumlar
Diğer Haberler