Чемпиондар лигасының үшінші туры бойынша «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» арасындағы тартысты ойын өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алматыда өткен матчтың алғашқы минуттарында "Пафостың" жартылай қорғаушысы Жуан Коррея алаңнан қуылды.
Ол әуе добына соққы жасау кезінде кездейсоқ «Қайрат» қорғаушысы басына аяғы тиген. Осы сәтті төреші қауіпті ойын деп бағалап, Корреяға қызыл түсті қағаз көрсетті.
Кездесу барысында кипрлік команда 72-минутта гол соққанымен, төрешілер оны офсайд жағдайында соғылған деп таныды.
Ойынның негізгі уақыты бойы екі команда да бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырғанымен, гол соғуға мүмкіндік болмады.
Матч 0:0 есебімен аяқталды.