Ринат Зайыт Денсаулық сақтау министрлігін сынға алды

1823
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Aw4B4ZYkEWGC7YD5oy2pPhdl3ebYv22k4vNunxh8.jpg

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасының таныстырылымында медициналық сақтандырудың неліктен ерікті түрде жүргізілмейтінін сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Депутат Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевке денсаулық сақтау саласындағы олқылықтарды айтып, елімізге шетелден білікті дәрігерлерді алдырту, жедел-жәрдем туралы бұйрықты өзгерту мәселесі жөнінде сұрақ қойды.

«Президенттің Жолдауын 100 қарап шықтым. Онда міндетті медициналық сақтандыру деген жоқ, ерікті медициналық сақтандыру делінген. Оны кім, неге міндетті етіп жіберді? Бүгінгі заң жобаларыңызда медициналық туризмді дамытамыз дедіңіздер. Шетелден Қазақстанға емделушілерді тартамыз дейсіздер. Бұған дейін біз неге дәрігерлерді біліктілігін арттыруға шетелге жібереміз деген мәселені көтерген едік. Неге біз керемет дәрігерлерді шетелден алдырмаймыз? Құрылғы осында, аурухана осында, аурулар да осы елде отыр. Бірақ біз дәрігерлерді қарайған ақша бөліп, жыл сайын шетелге жіберіп отырмыз. Олардан көріп жатқан нәтижеміз жоқ. Тағы бір өзекті мәселе бар. Жедел-жәрдем туралы бұйрықты өзгертесіздер ме?»— деді ол.

Вице-министр ерікті деген – ерікті медициналық сақтандыру екенін, ал міндеттісі одан бөлек екенін мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерді шетелге де апарып оқыды, қажет жағдайда шеберлік сабақтарын өткізу үшін шетелдік мамандарды елге алып келеді. Жалпы екіжақты жұмыс жүріп жатыр. Ал жедел жәрдем қызметіне келсек, ол бұрынғыша жұмыс істеп жатыр. Пациенттерге ешқандай өзгеріс болмаған, бәрі де қажетті медициналық көмекті бәрі ары қарай алып жатыр»,–деп түсіндірді Тимур Сұлтанғазиев.

Yorumlar
Diğer Haberler