Трамп Малайзия әуежайында билеп жөнелді

1423
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/hunVZv6TlntJzyOkgPDOUZiKNhgUGK00GTu1zoro.webp

Фото: Malay Mail

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Малайзия премьер-министрі Датук Сери Анвар Ибрахим Куала-Лумпур халықаралық әуежайында биледі, деп хабарлайды “Адырна”.

25 қазан күні Дональд Трамп Малайзияға сапармен барды. Оны Анвар мен үкімет мүшелері қарсы алды. Қарсы алу салтанаты кезінде оркестр әйгілі Hawaii Five-O әуенін орындап, бұл сәт екі ел көшбасшыларының көңілді биімен есте қалды.

Дональд Трамп өзіне тән сайлау науқаны кезіндегі биін – баяу ырғақпен орындалатын жұдырық сермеу мен бел шайқау қимылдарын көрсетті. Ал Анвар күлімсіреп, Трамптың қимылдарына ілесе би ырғағына қосылды. Көрініс жиналған жұрттың қошеметіне бөленді.

Қысқаша әңгімеден кейін Трамп Анварды президенттік лимузин “The Beast” көлігіне шақырып, саммит басталар алдында жеке сөйлесті.

Yorumlar
Diğer Haberler