Батыс Қазақстанда екі көлік соқтығысып, 6 адам зардап шекті

597
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/YoRfVkKdER2HhUgjv6Mn95VMbwmtoXAeHKuN8JGF.jpg

Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан алты адам зардап шекті деп хабарлайды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Мәлімет бойынша, оқиға 25 қазан күні шамамен сағат 18.55-те Атырау-Озинки жолының 22-шақырымында Бәйтерек ауданы Болашақ ауылы тұсында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша «Lada Granta» автокөлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, «CHANGAN X5 PLUS» автокөлігімен соғысқан.

“Жол апаты салдарынан «CHANGAN X5 PLUS» автокөлігінің жолаушылары түрлі жарақат алды. Барлығы 6 адам зардап шегіп, олар Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, — деп хабарлады БҚО полиция департаменті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапқанын жазған едік.

 

Yorumlar
Diğer Haberler