Мигранттарды еліне қайтару. Министрліктер арасында дау туындады

967
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Og3lnWsQyNLHfrbUXVKSANSg81EdG8MDjbSUZQDf.webp

Германия ішкі істер министрлігі мен сыртқы істер министрлігі арасында Сирияға депортацияны қайта бастау жоспарына байланысты ашық келіспеушілік орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы BILD басылымы хабарлады.

Ішкі істер министрлігі коалициялық келісімге сәйкес, депортацияны алдымен қылмыс жасаған мигранттардан бастау қажет деп санайды. Ведомство өкілдері Берлиннің Дамаскпен депортацияға рұқсат беру туралы келісім бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, босқындар жөніндегі федералды басқарма сириялық азаматтардың, әсіресе отбасынсыз келген жас, еңбекке жарамды ер адамдардың істерін қайта қарауды бастаған.

Алайда бұл ұстанымға сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль қарсы шықты. Ол жақында қираған Дамаск қаласына сапармен барып, «мұндай ауқымды қирауды бұрын-соңды көрмегенін» айтты. Министрдің пікірінше, қазіргі жағдайда сириялық босқындардың еліне оралуы өте шектеулі ғана жағдайларда мүмкін, себебі елдің инфрақұрылымы қатты бүлінген.

Ішкі істер министрлігі, керісінше, оралушылар үшін жағдай жасауға болады деп есептейді.

Мамандардың айтуынша, Германияда бұл мәселе коалиция ішіндегі саяси қайшылықты тереңдете түсуі мүмкін, ал адам құқықтарын қорғаушылар Сирияға депортацияны қайта бастау босқындардың өміріне қауіп төндіретінін ескертіп отыр.

Yorumlar
Diğer Haberler