Желіде әйел адам босанған аналарға көмектесу бастамасын көтерді

1024
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OV919gbCND3iwJMB9SS59CSHStC8GbMZ6ETliqHs.webp

Threads әлеуметтік желісінде алматылық @kerbez_lady атты қолданушының жазбасы көпшілік қолдауына ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Курсивке сілтеп.

Ол Бәсенов көшесіндегі перзентхананың маңында тұратынын айтып, шығарылғаннан кейін өздерін қарсы алатын ешкімі жоқ аналарды күтіп алуға дайын екенін жазған.

Жарияланым 10 мыңнан астам лайк жинап, жүздеген пікір мен репостқа ие болды. Пікір қалдырған ондаған алматылық әйел бұл бастаманы қолдап, аналарды қарсы алуға, тамақ пен сусын апарып беруге немесе моральдық қолдау көрсетуге дайын екенін жазды.

«Мен де жақын жерде тұрамын, көлікпен келіп қарсы ала аламын», «Перзентханада жүргендер болса, ыстық сорпа апарып беремін», «Тамаша идея! Мен 4-перзентхананың жанында тұрамын, қажет болса үйге дейін жеткіземін», «3 және 5-перзентхана, Қалқаман жақта тұрамын, тамақ пен қажет заттармен көмектесуге дайынмын», — деген жылы пікірлер әлеуметтік желіні толтырды.

Кейінірек жазбаның авторы Threads қолданушыларынан қолдау тапқаннан кейін аналарға көмектескісі келетін жандар үшін арнайы WhatsApp-та қауымдастық құрғанын хабарлады

Yorumlar
Diğer Haberler