Асылдың сынығы. Міржақып мұрасын жеткізген

898
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4aoYhdxvAm4EfNpwizwye4XHhPiCqTfQuQjCwnpz.webp

Алаш қайраткері Міржақып Дулатовтың қызы, журналист Гүлнәр Дулатованың туғанына 110 жыл толды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Биыл көрнекті журналист, әдеби мұра жинаушы, Алаш қозғалысының мұраларын зерттеуге зор үлес қосқан Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатованың туғанына 110 жыл толып отыр. Ол — ұлт көсемдерінің бірі, Алаш қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатовтың қызы.

Гүлнәр Дулатова 1915 жылы Орынбор қаласында дүниеге келген. 1939 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын тәмамдап, көп жыл бойы дәрігер-дерматолог болып қызмет атқарған.

Медицина саласында еңбек ете жүріп, Гүлнәр Міржақыпқызы әкесінің және оның замандастарының мұрасын сақтау мен зерттеуге ерекше күш салды. Ол Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов сияқты ұлт зиялылары туралы алғашқы деректерді жариялаған тұлғалардың бірі болды.

Гүлнәр Дулатова көптеген жылдар бойы архивтік материалдарды жинап, Алматыдағы Орталық мұражайға, сондай-ақ Торғай, Қостанай, Семей және Астана қалаларындағы мұражайларға саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты жеке заттар, кітаптар, хаттар, суреттер мен құжаттар тапсырды.

Оның очерктері мен эсселері 1988 жылдан бастап баспасөз беттерінде жарық көрді. Ал 1995–1999 жылдары Гүлнәр Міржақыпқызының «Свет истины» («Шындық шырағы») атты екі томдық кітабы жарық көріп, қазақ оқырмандарына Алаш арыстарының рухани әлемін терең танытты.

Сонымен қатар, ол Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» кітабының, екі және бес томдық шығармалар жинағының құрастырушыларының бірі болған.

Yorumlar
Diğer Haberler