4 қарашада Өскемен – Риддер тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты. Бұл туралы ШҚО полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
«Өскемен – Риддер тас жолының 48-шақырымында ЗИЛ жүк көлігі мен Toyota Estima соқтығысты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда»,—делінген хабарламада.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты рұқсат етілген шамадан асырмауды, ауа райы жағдайларын және техникалық қауіпсіздік талаптарын ескеру керектігін баса айтты.